25 Маусым, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2010 жылғы 23 маусым    Астана, Үкімет үйі      №637

Демалыс күнін ауыстыру туралы

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2010 жылғы шілдедегі жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Демалыс күні 2010 жылғы 3 шілде сенбіден 5 шілде, дүйсенбіге ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қыз­меттер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2010 жылғы 5 шілдеде жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.