Оқиға • 22 Қаңтар, 2025

Алаяқтарға арбалған Қостанай тұрғыны 21 млн теңгесінен айырылған

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы орайда Полиция департаменті күмәнді ұсыныстарға иланбау қажеттігін еске салады, деп жазады Egemen.kz.

Алаяқтарға арбалған Қостанай тұрғыны 21 млн теңгесінен айырылған

Фото: Polisia.kz

2024 жылдың қазан айында Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде инвестиция салудың тиімді жолдары туралы жарнамаға қызығушылық танытып, әуелі 100 АҚШ долларын аударған. Көп ұзамай, «кеңесшілер» одан түрлі салықтар мен алымдарды төлеуді талап етіп, әйелді қосымша қаржы салуға көндірген.

Polisia.kz ақпаратынша алаяқтар оның сеніміне кіріп, бірнеше банктен несие алуға мәжбүрлеген. Осылайша, ол алаяқтардың есепшотына 21 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.