
Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Әлем назарын аударған осы жаңалықтан кейін Қазақстанның мәжіліс депутаттары да елде ЛГБТ-ға заңмен тыйым салуды ұсынды.
«Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекелерге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем. Бұл ретте, АҚШ Президентінің шешімі Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасты. Мен білетін Үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. Оған қоса, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда, осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді», деген депутаттар мүддесін жеткізген Е.Жаңбыршин сол тұста ақпараттық шабуыл ұйымдастырғандарды да жазалауды сұрады.
Бұған дейін E-petition.kz мемлекеттік платформасында да Қазақстанда ЛГБТ насихатына қарсы петиция жарияланған еді. 2 аптада петиция 50 мың қол жинаған. Депутат бұл көрсеткіш ұлтымыздың болмысына жат дүниеге жұртшылықтың жан-тәнімен қарсы екенін аңғартатынын айтып, Үкіметке мәжілісмендердің талабын жеткізді.
«Үкімет тез арада келесі шараларды қолға алуы қажет. Жоғарыда аталған петиция талаптарын толық қанағаттандыру керек. Барлық платформаларда, әлеуметтік желілерде ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы заң нормаларын ұсынамыз. Оған Үкімет оң қорытындысын беруі тиіс», деді Еділ Жаңбыршин.