
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Туа біткен жүрек ақауынан зардап шеккен Қырғызстаннан келген бала Жамбыл облысындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығына ауыр халде жеткізілген. Операция сәтті өтіп, үш аптадан соң бала үйінде отырған.
Ресейден келген екі әйелдің тағдыры да осындай білікті мамандардың арқасында жаңа бетбұрыс алған. Оларға жедел миокард инфаркті кезінде шұғыл көмек көрсетіліп, дер кезінде жасалған емнен кейін үйлеріне сауығып оралған.
Энергетикалық сусындарға тәуелділік пен темекі шегу салдарынан жедел миокард инфаркті мен коронарлық артерияның тромбозы дамыған 26 жастағы Түрікменстаннан келген студент шұғыл түрде орталыққа жатқызылды. Дәрігерлер қан тамырларын стенттеуді жүргізіп, оны өлімнен арашалап қалған
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше дәрігерлердің кәсібилігі ғана емес, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген аталған орталық бүгінде кардиология мен кардиохирургия саласында шекарасыз көмек көрсететін орталыққа айналды. Мұнда жергілікті халық қана емес емес, шетелдерден келген науқастар да шипа тапқан. Айта кетсек, былтыр Жамбыл облысында 743 қала сыртынан келген науқас пен 59 шетелдік азаматқа шипалы қолдар көмек көрсетіп, жаңа өмір сыйлаған екен.