Үкімет • 22 Қаңтар, 2025

ЭЫДҰ ұсынымдары 80%-ға орындалды - Серік Жұманғарин

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Қазақстандағы миссиясы аясында ұйым өкілі Антонио Капобьянкомен кездесті. Кездесуде еліміздің бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуына дайындығы пысықталды, деп жазады Egemen.kz.

ЭЫДҰ ұсынымдары 80%-ға орындалды - Серік Жұманғарин

Фото: Үкімет

Кездесуге сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілдері қатысты.  Серік Жұманғарин бүгінде бірінші шолу шеңберінде берілген ЭЫДҰ ұсынымдары 80%-ға орындалғанын айтты.

«Мемлекет басшысы алдымызға Қазақстанның экономикалық саясатын аталған ұйымның жоғары стандарттарына сәйкестендіру мақсатын қойды және біз ұсыныстардың басым бөлігін іске асырдық. Бүгін сіздерді қызықтыратын мәселелерді екінші шолу аясында талқылауға дайынбыз», деді вице-премьер. 

Тараптар Қазақстанның бәсекелестікті дамыту және  экономиканы ырықтандыру саласындағы бастамаларын талқылады.  Оның ішінде БҚДА жанынан құрылған Ұлттық жекешелендіру кеңесінің кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі жоспарларына оң баға берілді.

ЭЫДҰ өкілдері Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындауға материал жинау үшін басқа да мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше