Қазақстан • 23 Қаңтар, 2025

Үш әуежайдың құрылысы басталды

269 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Жобалар ішкі туризм мен жолаушылар әуе тасымалын дамытуға бағытталған. Бұл аталған өңірлер экономикасын дамытып, туристердің келуін арттырады.

Үш әуежайдың құрылысы басталды

Құрылыс жергілікті тұрғын­дарға қосымша жұмыс орындары ашпақ. Сонымен қатар 2024 жылы ірі түйіндік хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфра­құрылымын жаң­ғырту аясында бірқатар жұ­мыс атқарылды. Мы­салы, үш жаңа жолаушылар тер­­ми­на­лы пайдалануға беріл­ді. Ал­маты, Шымкент, Қызылор­да қа­ла­­­ларында жолаушылар тер­ми­на­­лын­ың өткізу мүмкіндігі артты.

Алматы қаласы Халықара­лық әуежайы жаңа термина­лының өткізу мүмкіндігі жылына 2,5 млн-нан 14 млн жолау­шыға дейін ұлғайды.

Отан­дық авиакомпаниялар «Air Astana», «SCAT», «Qazaq Air», «FlyArystan» Қазақ­станның 19 қаласына тұрақты ұшып тұрады. Халық­аралық әуе қатына­сын әлемнің 26 елінде 50 бағытта 30 шет­ел­дік авиакомпания орындайды.

з

Шымкент қаласы әуежайы­ның жаңа терминалының өткізу мүмкіндігі – жылына 800 мың­нан 6 млн жолау­шыға дейін. Жаңа терминал халықаралық әуе бағыт­тары­ның санын 10-ға, рейс­­терді ап­та­сына 24-ке дейін арт­­тыр­ды. Джидда, Медина (КСА), Доха (Қатар), Фукуок (Вьетнам) және Пхукетке (Таиланд) әуе қатынасы ашылды.

Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» халықаралық әуе­жайының өткізу мүм­кін­дігі жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін өсті. Бүгінде Қызылорда қаласынан 25 ішкі рейс орындалып жатыр.

«Skyhansa» қазақстандық-германдық компаниясымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық айма­ғын­да көптеген жоба басталды. Мысалы, қуаты сағатына 500 адамға дейінгі жолаушылар терминалын, сыйымдылығы 550 мың тоннаға дейінгі отын қоймасын, жүктерді 250 мың тоннаға дейін толық өңдейтін жүк терми­налын салына­ды. Сондай-ақ әуе кеме­леріне қызмет көрсететін авиация­лық-техникалық орталық құрыл­мақ. 300-ден аса тұрақты жұ­мыс орнын құра отырып, туристік және сауда, ойын-сауық қызметтерін дамыту жоспарланған.

Кейінгі жылдары әуе көлігі жолау­шыларға ыңғайлы әрі тартымды болуға тырысып жатыр. Жылдан-жылға әуе тасымалы 10-15%-ға арта түскен. 2024 жылы отандық авиаком­паниялар 15 млн-ға жуық адамды тасымалдады, әуе­жай­лар 30 миллион жолаушыға, оның ішінде шетелдік авиакомпания­лар мен азаматтарға қызмет көрсетті. 2024 жылы жүк тасымалы көлемі жылына 28 мың тоннаға ұлғайды.

Отандық әуе тасымалдау жүйесін дамытудағы маңызды элементі – ұшақтар паркін жаңарту. Ол жыл са­йын 10-15 әуе кемесімен толықтырылады. Бүгінде елі­міздің авиапаркі 102 ұшақты құрайды.

Қазақстаннан халықаралық әуе қатынасы 31 елмен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжік­стан, Грузия, Беларусь, Әзер­байжан, БАӘ, Сауд Арабия­сы, Қатар, Иран, Оман, Мысыр, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Түркия, Ұлы­британия, Германия, Италия, Нидерланд, Польша, Чехия) аптасына 582 рейс жиілігімен 117 бағытта орнатылды.

Сонымен қатар ерекше қа­жет­тіліктері бар азаматтар үшін барлық қажетті жағдай­ жасалған. Жерүсті қыз­меті­нің мамандары алғашқы меди­циналық көмек көрсету, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сүйемелдеу бойынша тұрақты арнайы оқудан өтеді. Амбулаторлық көтергіштер, арнайы арбалар, көзі нашар көретіндерге арналған арнайы жолақшалар мен дыбыстық навигация жүйелері бар.

Еліміздің халықаралық әуе­жай­ларында ана мен балаға арналған бөлмелер, валюта айыр­бастау пункттері, пошта байланысы, сымсыз интернет бар. Сондай-ақ онлайн тіркеу үдері­сін жылдамдату үшін бір­қатар әуе компаниялары мобильді қосымшаларды енгіз­ді. Көрсеті­летін қызметтер бар­лық санат­тағы азаматтар үшін сапаны және қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Жолаушылар әуе тасы­мал­­дары көр­сеткішінің өсуі, мар­шруттардың артуы ішкі және шетелдік туризм­ді дамы­тады. Бұл ел өңірлері­нің инвес­тициялық тартымды­лығын арттырады.

Қазақстандағы авиация саласының дамуы, халықаралық танылымы ұшу қауіп­сіз­дігіне байланысты. Елімізде ұшу қауіп­сіздігі халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%-ды құрайды. Бұл – ТМД елдері арасында ең жоғары көр­сет­кіш. Дания мен Польша сияқты Еуропа одағы елдерімен салыстыруға келеді.