Аймақтар • 23 Қаңтар, 2025

Түркістанда жолда қалған жолаушылар қауіпсіз аумаққа жеткізілді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уақытша бекеттер – қыс мезгіліндегі түрлі апаттардың алдын алуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда жолда қалған жолаушылар қауіпсіз аумаққа жеткізілді

Фото: Видеоскрин

Түркістан облысында республикалық маңызы бар жолдарға 7 бекет қойылған және 110 полиция қызметкері мен қызметтік автокөліктер жұмылдырылған

Polizia.kz-тің мәліметінше әрқайсысында 50 жолаушысы бар 20 автобус пен 230 жеңіл көлік жолаушылары қауіпсіз аумаққа жеткізілген. Яғни Түркістан облысы бойынша жолда қалған азаматтар 10 жылыту орнына, оның ішінде қонақ үйлерге және дәмханаларға орналастырылған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тәулік бойы жолдарды патрульдеп, жүргізушілерге көмектесу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр.

видеоскрин