
Фото: Видеоскрин
Белгісіз ер адам аталған қаладағы азық-түлік дүкенінің сатушысына пышақпен шабуыл жасап, қашып кеткен. Әйел адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға 22 қаңтарда болған.
«Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Қарағанды облысы ПД тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.