АСТАНА. 5 ақпан. Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында астаналық «Барыс» қонақта «Сочи» командасын 2:4 есебімен жеңді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойынның небәрі 24-секундында «Барыс» сапынан Майк Ландин екі минутқа айдыннан қуылып, жергілікті команда ойыншы басымдығына ие болды. Бірден шайбаға иелік еткен айдын иелері біздің қақпаны торуылға алды. Төрт ойыншымен қалған «Барыстың» қорғанысы айып уақытының аяқталуына 3 секунд қалған кезде ғана сыр беріп, сочиліктер есеп ашты. Михаил Анисиннен пас алған Макс Вярн өз жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.
Шайба жіберіп алғанына қарамастан, қонақтардың қарқыны бәсеңдеген жоқ. Қайта «Сочи» хоккейшілері жиі қателікке бойы алдырып, бірінен соң бірі тәртіп бұзды. Нәтижесінде, 13 және 14-минуттарда Игорь Игнатушкин мен алғашқы шайбаның авторы М.Вярн айдыннан қуылып, «Барыс» екі бірдей ойыншы басымдығына ие болды. Қазақстандық команда өздеріне берілген мүмкіндікті мүлт жібермей, есепті теңестіріп кетті. Роман Старченкодан пас алған М.Ландин қақпаға соққы жасамай, шайбаны қарсы қапталдағы Кэвин Даллмэнге асырды. Өз кезегінде «Барыстың» экс-капитаны бірден қақпаны нысанаға алып, «Сочи» қақпашысы Андрей Гавриловтан айласын асырды.
Екінші кезең толығымен біздің команданың басымдығымен өтті. Үзілістен кейін де өз ойын өрнегін таба алмаған Вячеслав Буцаев шәкірттері 22-минутта «Барысқа» тағы бір мүмкіндік сыйлады. Яғни, жергілікті команда сапынан қорғаушы Дмитрий Швиденко екі минуттық айып уақытымен жазаланды. Астаналықтар бірден ойын тізгінін қолдарына алып, шабуылға көшті. Роман Старченко мен Константин Руденко ұйытқы болған шабуылға Максим Семенов нүкте қойып, есепті 1:2-ге жеткізді.
Екі бірдей шайбаның соғылуына үлес қосқан Р.Старченко 30-минутта өзі де мергендігімен көзге түсті. Көк жолақтың бойынан шайбаға иелік еткен Роман бір өзі «Сочидің» бар қорғанысын бұзып өтіп, командасының үшінші шайбасын соқты. Ал екінші үзіліске 3 минут қалған кезде Найджел Доус қақпа алдындағы қарбаласты пайдаланып, таблодағы көрсеткішті «Барыстың» пайдасына 1:4 қылып түзеді. Доусқа нәтижелі пас берген команда капитаны Брэндон Боченски.
Соңғы кезеңде «Сочидің» бір ғана шайба соғуға шамасы жетті. Тартыстың аяқталуына 3 минут қалғанда М.Анисин Павел Полуектов қорғаған қақпаны дәл көздеді. Бұл сәтте айдын иелерінің бір ойыншысы артық болғанын айта кеткен жөн.
Ойынның қалған уақытында есеп өзгермей, «Барыс» маусымдағы 25-жеңісіне қол жеткізді. Оның 19-ы негізгі уақытта тіркелсе, қалған 6 кездесуде астаналықтар қосымша уақытқа немесе ойын соңындағы буллитке жүгінді. Тағы бір айта кетер жайт, «Барыс» биылғы маусымда «Сочиден» осымен екінші рет басым түсті. Астанада өткен алғашқы ойында жеңімпаз буллит арқылы анықталып, «Барыс» 5:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
Бүгінде Андрей Назаров жаттықтыратын команда 77 ұпаймен Шығыс конференциясында 6-орында тұр. Конференциядағы басты қарсыласымыз уфалық «Салават Юлаев» әзірге 5-сатыға жайғасқан. Олардың да қоржындарында 77 ұпай бар. Дегенмен, «Барыстың» кейінге шегерілген екі ойыны барын ескерсек, ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатын 5-орынмен аяқтауға мүмкіндік бар. Біздің команда лига аясындағы келесі ойынын 6 ақпан күні Нижний Новгородта жергілікті «Торпедоға» қарсы өткізеді. Батыс конференциясында ойнайтын «Торпедо» бүгінде 70 ұпаймен 9-сатыда келеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcsochi.ru.

Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды
Футбол • Бүгін, 17:35
Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23