Қоғам • 24 Қаңтар, 2025

Еліміздегі мешіттерге Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған бағдарлық баяндамасы кезінде мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздегі мешіттерге Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі

Фото: muftyat.kz

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толады. 

«Мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың  есімін мешіттерге береміз», деді ҚМДБ Төрағасы. 

Осы жиында басқарма «Ғибратты қиссалар» жинағын шығаруды жоспарлап отырғаны мәлім болды. Имамдар мен жалпы оқырмандарға арналған жинақта Құраннан, хадистерден, сахабалар мен қазақтың тұлғаларының өмірінен деректер енгізіледі. 

Биыл имамдар арасында республикалық «Үздік имам» білім сайысы да ұйымдастырылмақ.