
Сондай-ақ 118 жүк көлігі газалықтарға азық-түлік пен ұн апарды. Бұдан бөлек, шағын баспана құралдары, дәрі-дәрмек, ауызсу және тазалық заттары бар.
Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасындағы оқ атпау туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енді.
Газаның оңтүстігіндегі 14 ауруханаға бір рет қолданылатын медициналық құралдар мен жарақаттарды емдеуге арналған жиынтықтар, сондай-ақ 28 денсаулық сақтау мекемесіне жыныстық және репродуктивті денсаулық жинақтары таратылды. Бұл 58 мың адамға жетеді. Сонымен бірге 2 негізгі медициналық қызмет көрсету орталығы қайта ашылды.