Балалар • 24 Қаңтар, 2025

Биыл қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды, заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылып жатыр. 2024 жылғы желтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Шешім балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға және қорғаншылық жүйесінің жұмысын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады

Алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылық органдарының штаттық санының нормативі бекітілді, яғни 5 мың балаға бір маман. Бүгінгі таңда өңірлік қамқоршылық органдарының қызметкерлерінің саны 303-тен 692 адамға дейін артты. 2025 жылы бұл көрсеткішті айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр, бұл балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырып, қамқоршылық органдарының жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жаңа штаттық норма көптеген елдерде теңдесі жоқ бірегей қазақстандық тәжірибе. Енді қамқоршылық органдарының әрбір маманы қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен және олардың отбасыларымен жақын жұмыс істей алады», дейді министр Ғани Бейсембаев.

Қазір Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп қамқоршылық органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше