Алматы • 25 Қаңтар, 2025

«Алматы Аренада» өрт шықты

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖД қызметкерлері «Алматы Аренада» шыққан өртті сөндіріп жатыр. Өрт 2025 жылдың 25 қаңтарында сағат 15 шамасында тұтанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы Аренада» өрт шықты

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт спорт кешенінің кіші залында бірінші қабаттағы төсеніштердің өртенуінен басталған.

- Ондағы бөгде адамдар мен қызметкерлер өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан өз бетінше шыққан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің звеносы құтқару қалпақтарының көмегімен төрт баланы эвакуациялады, - деді төтеншеліктер.

Өрттің алдын-ала ауданы 40 шаршы метрді құрайды.