Қоғам • 26 Қаңтар, 2025

Павлодар облысында алты отбасы 30-ға жуық жетім баланы асырап алған

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр, хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында алты отбасы 30-ға жуық жетім баланы асырап алған

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу болды.

Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тағы үш мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.

2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құру мақсатында жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында алты қабылдаушы отбасында 28 бала тәрбиеленуде.