ТАРАЗ. 5 ақпан. Жамбыл облысы Меркі ауданында рейдтік іс-шаралар барысында көші-қон туралы заңды бұзғаны үшін Қытай Халық Республикасының 7, ал Қырғызстанның 24 азаматы ұсталды. Олар Меркі ауданының бір кәсіпкерінің цехында үй малдарының терісін тазалау бойынша жұмыс атқарыпты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жеке басын куәландыратын құжаттың жоқтығына байланысты Қытайдың жеті азаматына қатысты материал толтырылды. Аудандық соттың осы азаматтардың бостандығын шектеу жөніндегі санкциясы алынды. Ұсталғандар депортациялау үшін Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің уақытша қабылдап-бөлу орнына орналастырылды. Ал Қырғызстан Республикасының 24 азаматына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, Меркі ауданы сотының қарауына жіберілді.
Жалпы алғанда 2014 жылы Жамбыл облысы ІІД көші-қон полициясы 3 300 құқық бұзушылықты анықтады. Уақтылы тіркелу тәртібін сақтамау салдарынан ел аумағында болу ережелерін бұзу бойынша 1 486 шетелдік азамат, бекітілген мерзімде Қазақстан аумағынан кетпегені үшін әрі тіркеусіз тұрғаны үшін 1 587 адам жауапкершілікке тартылды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: thenwes.kz.
• 05 Ақпан, 2015
Жамбыл облысында көші-қон заңын бұзған шетелдіктер елден шығарылады

Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды
Футбол • Бүгін, 17:35
Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23