05 Ақпан, 2015

Атырауда пошта бөлімшесі жаңғыртылды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Казпошта-2АТЫРАУ. 5 ақпан. Атырау қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесі жаңғыртылып, халыққа қызмет көрсету аясын кеңітті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Енді «Авангард-3» шағын ауданындағы №9 пошта бөлімшесінің аумағы екі, халыққа қызмет көрсететін операторлар саны үш есеге артып отыр. «Қазпошта» акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының директоры Ержан Омаровтың айтуынша, мұнда абоненттік жәшіктер де орнатылды. Оның жалға алу ақысы –1 мың теңгеден 3 мың теңге аралығында белгіленіпті. Сонымен бірге, тәулік бойы жұмыс істейтін «24/7» желісі де іске қосылды. Мұндағы тағы бір ерекшелік – электронды кезек әдісі қолданылады. Бөлімшедегі жұмыс тәртібі бейнекамера арқылы бақыланады. «Бүгінгі таңда Атырау облысында халыққа 98 бөлімше қызмет көрсетеді. Сонымен бірге, 6 жылжымалы бекетіміз бар. Бұл – брондалған көлік. Онда ноутбук, принтер, GSM-модем секілді осы заманғы технологиямен жұмыс жасау үшін дербес электрмен қамту жүйесі орнатылған. Қазір жылжымалы бекеттеріміз Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Индер және Қызылқоға аудандарының елді мекендерінде қызмет көрсетіп келеді. Осындай бір бекеттің қызметін Атырау қаласының маңындағы елді мекендер үшін пайдаланып отырмыз», дейді филиал директоры Ержан Омаров. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев. казпошта казпошта-1 казпошта-3