Ауа райы • 27 Қаңтар, 2025

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде  ауа райы тұрақсыз болады

Тағы бір солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын тудырады.

28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, кейін Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын әр түрлі фазада: қар және жаңбыр түрінде болады деп болжанады.

Қазақстан Республикасында тұман түсіп, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Температураның кенеттен өзгеруі күтілмейді.