Қоғам • 27 Қаңтар, 2025

Мемлекет қорына 12,1 млн га ауыл шаруашылығы жері қайтарылды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қорға қайтарылған жерлердің жалпы көлемінен 4,9 миллион гектар жергілікті органдарға халықтың мұқтаждығы үшін берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет қорына 12,1 млн га ауыл шаруашылығы жері қайтарылды

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру барысы туралы айтты. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында пайдаланылмай жатқан 10 миллион гектар жерді немесе заң талаптарын бұза отырып берілген жерлерді қайтару міндетін қойды.

«Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының арқасында үш жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. 9,4 миллион гектар аумақта 4 731 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 6,3 миллион гектар аумақтағы бұзушылықтарды жою туралы 3482 ұйғарым шығарылды. Нәтижесінде 12,1 млн га жер мемлекет қорына қайтарылды, оның ішінде: 2022 жылы – 5,4 млн га; 2023 жылы – 4,6 млн га; 2024 жылы – 2,1 млн га», деді М.Теміржанов.

Баяндамашы қайтарылған жерлердің жалпы көлемінің 4,9 миллион гектары жергілікті билікке халықтың мұқтажы үшін берілгенін, оның ішінде: 1,9 миллион гектары жайылымға, 3 миллион гектары жер пайдаланушыларға берілгенін хабарлады.