
Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхамедқали Тауанның халықаралық ынтымақтастық және корпоративтік басқару саласындағы ауқымды бастамаларды жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол бұған дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында, Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясында және жеке құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика бакалавры және Қазақстан-Британ техникалық университетінде МВА дәрежесі бар.
Қазіргі уақытта «Дара» президенттік бастамалар қоры адами капитал мен креативті индустрияны дамыту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын сақтау бойынша бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында Жошы ханның өміріне арналған ауқымды тарихи сериал түсіру бар, оның мақсаты – ұлттық тарихты насихаттау және мәдени бірегейлікті нығайту.