05 Ақпан, 2015

Бүгін түс ауа Меркель мен Олланд Киевке келді

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-2-15-olland_merkel-1

АСТАНА. 5 ақпан. Бүгін түс ауа ГФР канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд Украина президенті Петр Порошенкомен келіссөз жүргізу үшін Киевке шұғыл ұшып келді. Бұл туралы ТАСС хабарлады. Мұны ең алдымен француз дидері Парижде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Ол сондай-ақ бұлан ары, жұма күні Мәскеуге баратынын айтты. «Біз, Ангела Меркель екеуміз жаңа бастаманы қолға алдық, - деді ол. – Бүгін түс ауа Киевке аттанамыз да, Украинаның тұтастығына қауіп келтіріп тұрған жанжалды реттеудің жаңа ұсынысын жасаймыз». Олланд атап өткендей, Франция мен Германияның басшылары өз жоспарларын Украина президенті Петр Порошенкомен бірге отырып талқыламақшы. «Содан кейін, жұма күні мәселені Мәскеуде Ресей президентімен бірге талқылаймыз», - деп атап өтті француз президенті. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: ТАСС.