05 Ақпан, 2015

Маңғыстауда бірқатар меморандумдарға қол қойылды

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
00138АҚТАУ. 5 ақпан. Ақтау қаласында жергілікті мазмұнды арттыру мәселелері бойынша өңірлік форум өтіп, онда бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Форумға Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев, Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, Энергетика министрі В.Школьник, Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Пшембаев, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» РМК, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «PSA» ЖШС өкілетті органы, Солтүстік-Каспий жобасының операторлары – «NCOC» компаниялары, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, жергілікті кәсіпорындар – тауар өндірушілер, мұнай секторындағы қызмет көрсетушілер мен кәсіпорындар қатысты. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың демеушілік көрсету мәселелерін талқылау өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету, сонымен қатар отандық өнімдердің дамуына қолғабыс ету бойынша нақты шаралар қабылдау және жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған Форум аясында «Облыс әкімшілігі, жұмыс берушілер және жұмысшылардың еңбек шарты мен еңбек құқықтарын қамтамасыз ететін облыстық кәсіподақ кеңесшілері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы», «Облыс әкімшілігі мен ұлттық компаниялар арасындағы жергілікті мазмұнды арттыру мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы», «Жүйелі кәсіпорындар мен отандық өнім өндірушілер арасындағы жергілікті мазмұнды арттыру бағытындағы өзара ынтымақтастық туралы» меморандумдарға қол қойылды. Меморандум шеңберінде кәсіподақтың тапсырмасы, өндірістік процессті тұрақтандыру үшін кәсіпорын әкімшілігі мен мемлекеттік органдар жүргізетін шаралар туралы кәсіпорындар ұжымына түсіндіру жұмыстарын өткізу, жұмысшылардың ішкі еңбек тәртібін сақтау және әлеуметтік-еңбек дауларын ескерту бойынша шаралар қолдануға көмектесу мәселелері қамтылған. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті мазмұн үлесінің жоғарылауы, ұлттық өнеркәсіптерге қолдау көрсету және жұмыс орындарын сақтап қалу сияқты белсенділік жұмыстары барлық форумға қатысушылармен жалғасады. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: Серік Майемеров. 00078