
ABC7 жазғандай, ер адамды 26 қаңтарда шерифтің көмекшісі өлтірген. Полиция ер адамның көлігін жолда тоқтатқанын хабарлады. Тоқтатудың себебі айтылмады. Бірақ полиция қызметкері мен азаматтың арасында дау пайда болған. Полиция оны тұтқындауға тырысқан, алайда күдікті қарсылық көрсеткендіктен қызметкер жүргізушіні атып тастаған.
Жәбірленуші Хобарттағы Мэттью В. Хаттл екені анықталды. Полицияның айтуынша, оның қаруы болған.
Бірнеше күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Хатлға 2021 жылы АҚШ Капитолийіндегі тәртіпсіздіктерге қатысты құқық бұзушылық үшін рақымшылық бергені атап өтілді.