
Фото: aa.com.tr
Премьер-министр Үкімет өткен жылы депутаттық корпуспен өзара бірлесіп, еліміздің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды заңдар әзірлеп, қабылдағанын айтты.
Ал экономикалық өсім 4,8 пайызды құраған.
«Ауыл шаруашылығында – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға ұлғайды», деді Олжас Бектенов баяндамасында.
Олжас Бектенов сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, Үкіметтің басты басымдықтары болып қалатынын мәлімдеді.