Әлем • 28 Қаңтар, 2025

Калифорния АҚШ құрамынан бөлінгісі келеді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Калифорния штаты АҚШ-тың құрамынан шығуы мүмкін. Калифорнияның Мемлекеттік хатшысы Ширли Вебер Calexit бастамасын мақұлдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Калифорния АҚШ құрамынан бөлінгісі келеді

Фото: ашық дереккөз

New York Post мәлімдеуінше қол жинау басталып кеткен. 

Енді АҚШ-тан бөлінуді қалайтындар жарты жылда 2028 жылғы қарашада тиісті дауыс беруді өткізу үшін 546 мың қол жинауы керек.

Дональд Трамп ұлықтау рәсімі аяқталған бойда Калифорния губернаторымен кездесті. Дегенмен екеуара әңгіме не туралы болғаны белгісіз.

Айта кетейік, Калифорния – АҚШ-тағы ең тығыз әрі бай штат. Сарапшылар оның ел құрамынан бөлініп шығуы АҚШ экономикасы үшін ауыр соққы болуы мүмкін екенін айтады