
Жиын барысында Аустриядағы ЮНОПС еларалық кеңсесінің директорының міндетін атқарушы Гюрел Гуркан тұрақты өзгерістерді ынталандырудағы азаматтық қоғамның шешуші рөлін атап өтті.
«ЮНОПС-та біз даму жолындағы күрделі мәселелерді шешуде ынтымақтастық пен инновациялардың күшіне сенеміз. Азаматтық қоғам жергілікті деңгейде оң өзгерістерді қамтамасыз ете отырып, осы жұмыстың алғы шебінде тұр. Біз серіктестіктеріміз арқылы Орталық Азиядағы инклюзивті дамуға жәрдемдесеміз», деді ол.
Сондай-ақ Гюрель Гуркан форумның мақсаты азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін арттыруға бағытталғанын жеткізді.
«Бұл форум білім алмасуға, серіктестік қарым-қатынас орнатуға және осы аймақтың елдері үшін ең маңызды мәселелер бойынша оң үдерістерді жеделдетуге бірегей мүмкіндік береді», деді Гюрель Гуркан.