Қоғам • 28 Қаңтар, 2025

Қоғамдық кеңес 100 пайыз қоғам өкілдерінен құралуы керек - Бану Нұрғазиева

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында өткен 5-ші «ЕО-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы» Біріккен ұлттар ұйымы агенттіктері мен азаматтық қоғам ұйымдарының 150-ден астам өкілінің басын қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық кеңес 100 пайыз қоғам өкілдерінен құралуы керек - Бану Нұрғазиева

Еліміздегі Азаматтық Альянстың президенті Бану Нұрғазиева қоғамдық кеңестерге қатысты ойын білдіріп, оның саяси алаңдағы маңызына тоқталды.

«Бұл  бізге керек форум. Іс-шарада айтылып, талқыланып жатқан мәселелер өте өзекті. Орталық Азияда азаматтық қоғам дамитын болса, онда мемлекеттері де мықты болмақ. Сонымен қатар Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның елдері жақсы қарым-қатынаста бола бермек», деді ол.

Сонымен қатар сарапшы елімізде қабылданған жаңа заңдардың  азаматтық қоғамның даму қарқынына оң әсер беретінін атап өтті.

«Біздің елімізде «Қоғамдық бақылау туралы» заң қабылданды. Соның нәтижесінде бұл бағыттағы жұмыс  жақсы жүріп жатыр. Алыс-жақын шетелдердің өкілдері біздің қоғамдық ұйымдардың жұмысына қызығушылық танытады. Айта кетер жайт қоғамдық кеңес дұрыс жұмыс істеу үшін оның құрамы 100% қоғам өкілдерінен құралуы керек. Алайда, әлі күнге дейін бізде 70%-ы қоғам өкілдері, ал қалғандары мемлекеттік органдар немесе басқа саладан келгендер. Болашақта осы мәселені де жолға қою керек», деді  Азаматтық Альянстың президенті Бану Нұрғазиева.