Қоғам • 29 Қаңтар, 2025

Тағы бір автожолда жылдамдық 60 км/сағ дейін шектеледі

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана - Щучинск бағыты бойынша 3.24 «Ең жоғары жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу» жол белгілері қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Тағы бір автожолда жылдамдық 60 км/сағ дейін шектеледі

Фото: Әділбек Тәуекелов

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың сөзінше, қаңтар айында елімізде көптеген ірі жол апаты тіркелді.

«Ауа райының өзгеруі жолдағы қауіпсіздікке айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан белгіленген нормалар мен қағидаларды сақтау өте маңызды. Қаңтар айының өзінде ірі жол апаттары тіркелді. Негізгі себеп - көріну мүмкіндігінің төмендеуі кезінде қауіпсіз жылдамдықты сақтамау», дейді ол.

Аға инспектор атап өткендей, екі республикалық маңызы бар жолға шектеу қойылды.

«Сондықтан азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін көлік ағыны көп жол учаскелерінде жылдамдықты шектеу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Астана — Щучинск және Астана — Қарағанды бағыттары бойынша 3.24 «Ең жоғары жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу» жол белгілері қойылды. Олар нашар көріну, көктайғақ немесе басқа да ауа райы факторлары жағдайында ғана қосылады. Көктайғақ, боран, тұман немесе жалпы қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы хабарламадан кейін бұзушылықтарды тіркеу камераларының параметрлері көрсетілген жылдамдыққа өзгертіледі. Ауа райының нашарлауы туралы ескертулерде, сондай-ақ «Яндекс», «2GIS», «Indrive» және басқа да қосымшаларда енгізілген жылдамдық шегі туралы ақпарат көрсетіледі. Жолдарды ашу кезінде шектеулер алынып тасталады», деп түсіндірді Боранова. 

 

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше