![Қазақстан мен Қатар қылмыскер алмасады](/media/2025/01/29/crop-1_3_228x404_kol-640x358-2x-406x233.jpg)
Фото: batys.info
Бүгін Мәжіліс депутаттары осы келісімді ратификациялады. Құжат екі елдің құзырлы органдары арасындағы байланысты нығайтып, қылмыстық қудалауда жүрген азаматтарды алмасуға мүмкіндік береді.
«Келісім ұстап берудің және одан бас тартудың негіздерін анықтайды, сондай-ақ ұстап берудің шарттары мен тәртібі, оны кейінге қалдыру және уақытша беру туралы ережелерді қамтиды. Әр тарап өз азаматтарын ұстап беру мәселесін қарастырмайды. Іздеудегі адамдарды алдын ала қамауға алу тәртібі, сондай-ақ қылмыс нәтижесінде алынған немесе дәлел бола алатын заттар мен құжаттарды алу және беру мәселелері реттеледі», делінген Мәжіліс хабарламасында.