Қоғам • 29 Қаңтар, 2025

Мемлекеттік органдарда үйлестірудің жоқтығынан газ тұтынушылары зардап шегеді– депутат

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдап, газбен қамту заңнамасындағы қайшылықтарды шешуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік органдарда  үйлестірудің жоқтығынан  газ тұтынушылары зардап шегеді– депутат

Депутат Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жолдаған сауалында 2024 жылғы 21 қарашада Мемлекет басшысы «Сот жүйесін реформалау және іс жүргізу заңнамасын жетілдіру туралы» Заңға қол қойып, сонымен қатар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске түзетулер енгізгенін еске салып өтті.

Ол мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілері арасындағы үйлестірудің болмауы соттық дауға әкелетінін және бұл үшін тұтынушылар зардап шегетінін атап өтті.

Депутат тарифтік саясаттағы бюрократиялық келіспеушіліктер нәтижесінде мыңдаған қазақстандықтар газ үшін жоғары тарифтер бойынша төлеуге мәжбүр екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол энергетика және Ұлттық экономика министрліктерінің нормативтік актілері бір-біріне қайшы келетінін, газ жабдықтарын қосу және пайдалану талаптарында «хаос» тудыратынын атап өтті.

Депутат өз сауалында азаматтардың мүдделерін қозғайтын жаңа дауларды болдырмау үшін заңнаманы біріздендіруді, құқықтық қайшылықтарды жоюды және мемлекеттік органдардың нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді талап етті.

Айта кетейік, күні кеше ғана Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік аппараттың басты міндеті – азаматтардың өзекті мәселелерін шешу екенін баса айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар

Жарқын достықтың жемісі

Көрме • 15 Ақпан, 2025

Қаламгердің Қарқара сапары

Руханият • 15 Ақпан, 2025

Ерекше саланың генералы

Тұлға • 15 Ақпан, 2025

Картоп неге қымбат?

Баға • 15 Ақпан, 2025

Әуе кемесіндегі ерлік

Құтқарушы • 15 Ақпан, 2025

Заманауи технология және жастар

Технология • 15 Ақпан, 2025

Адасқанның айыбы жоқ...

Мәселе • 15 Ақпан, 2025

Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады

Төтенше жағдай • 15 Ақпан, 2025

Өңірдің дайындығы қандай?

Аймақтар • 15 Ақпан, 2025

Еңбек – табыс кепілі

Форум • 15 Ақпан, 2025

Сүйек обыры да емделеді

Медицина • 15 Ақпан, 2025