Мәдениет • 30 Қаңтар, 2025

Өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық өнер университетіне аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі ресми түрде берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді

Еске сала кетейік, оқу орнын қайта атау туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, бұл туралы өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жариялаған болатын.

Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оқу орнына «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» атауы ресми түрде берілді.

Бұл маңызды оқиға Күләш Байсейітованың ұлттық мәдениет пен қазақ өнеріне қосқан зор үлесін айшықтап, оның мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеудің айқын көрінісі болды.