КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов Қыздар университетінде қонақта болып, студент жастармен кездесті. «Қыз Жібектер» ортасынан табылған танымал актермен кездесу аталмыш оқу орнының аналарға арналған «Ақтұмар» мұражайын аралаудан және «Қазақтың Асанәлісі» атты арнайы ұйымдастырылған фото және кітап көрмесінен бастау алды.
Әйгілі актер шығармашыл жастар көп жиналған кездесу барысында жастарға өнер мектебімен қатар, өмір мектебінен білген, түйгендерімен, алған сабақтарымен, хоббилерімен, актер еңбегімен, өнер жолындағы қызықты оқиғаларымен, жетістік, атақ, абыройға жетудің, жастықты сақтаудың қыр-сырымен бөлісіп, ғибратты да өнегелі ғұмырынан жастарға естеліктер айтып берді.
Өзі де Өнер академиясында шәкірт тәрбиелеп жүрген тұлға ұстаздардың рөлін, Қыздар университетінің бүгінгі қоғамда алатын рөлін тілге тиек етіп, қаракөз қарындастарына «Қазақ қызы қандай болуы керек?» деген сұраққа өсиет-өнегесін айтты. Көзі тірісінде аңызға айналған тұлға студенттер тарапынан қойылған толассыз сұрақтарға жалықпастан, тұщымды жауап берді. Өз кезегінде кездесуге дән риза болған ақынжанды ару қыздар мазмұнды кездесуден туған арнау өлеңдерін оқып берді.
– Мен үшін бүгін тарихи күн. Күнделігіме енетін күн. Бүгінгі кездесу маған шабыт берді, қанаттандырды. Қарап отырсам, Қыздар университетіне осыдан 45 жыл бұрын келіппін. Қаракөз қыздарыма тек бақыт тілеймін! Қазақ қыздары қашанда инабатты, тәртіпті, ибалы болса деймін. Өйткені, елдің, ұлтымыздың намысы біздің қыздарымыз, қыздарына қарап, елін таниды. Қазақ қызы қашанда арлы, намысты болуы керек», деген А.Әшімов кездесу соңында соңғы шыққан 7 томдық таңдаулы кітабын Қыздар университетіне сыйға тартты.
Шара барысында оқу орнының басшысы Динар Нөкетаева жарты ғасырдан астам уақыт бойы өнерімен қалың жұртына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан көрнекті актер, режиссер, өнер және қоғам қайраткері Асанәлі Әшімовтің иығына қазақы салт-дәстүрмен шапан жапты. Мәртебелі қонақпен келген қосағы Бағдатқа да қошемет көрсетілді. Қазақ сахна өнерінің майталманы Асанәлі Әшімов, сонымен қатар, оқу орнының ең үлкен марапаты – «Ұлағат» алтын медалімен марапатталды.
Тағылымды кеш «Жан сарайы» драма театрының «Қыз Жібек» қойылымымен аяқталды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше