
Фото: polisia.kz
Қылмыстық топқа бірқатар ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.
«Күдіктілер қорқыту және зорлық-зомбылық жасап жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлігін иемденген. Тағы бірде банктің іргелес аумағынан 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен», делінген полиция хабарламасында.
Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынған. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты бар-жоғы анықталады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.