Оқиға • 31 Қаңтар, 2025

Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: Күдікті өмір бойына сотталды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 31 қаңтарда Ақтау қаласының апелляциялық соты жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: Күдікті өмір бойына сотталды

Марқұм қыздың ата-анасына алғаш рет бес айыпталушының үкіміне қатысуға рұқсат берілді.

Апелляциялық сот іс бойынша басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Тағы бір айыпталушы 16 жылға, қалғандары 13 жыл 6 айға және 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірінші сатыдағы сот оларды 8,5 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Жәбірленуші жаққа 19 618 415 теңге материалдық шығын және 30 миллион теңге моральдық шығын өндірілді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда бір топ ер адам қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлық-зомбылық көрсетіп, есірткі қолдануға мәжбүрлеген. Мұндай қорлыққа шыдамаған қыз өткен жылдың мамыр айында өз-өзіне қол салған. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50