Оқиға • 31 Қаңтар, 2025

Спорт саласында 278 қызметкер жалған дипломмен жұмыс істеген

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірнеше өңірінде бапкерлік және спорттық қызмет саласында жалған дипломмен жұмыс істеген қызметкерлер анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

 

Спорт саласында 278 қызметкер жалған дипломмен жұмыс істеген

Фото: Ашық дереккөз

Ведомствоның хабарлауынша, тәртіп бұзушылар арасында 9 басшы, 248 жаттықтырушы және 21 басқа да қызметкерлер бар. Мұндай жағдайлардың ең көп саны Түркістан облысында (44 жағдай), Атырау (30), Алматы (26), Жамбыл (22) және Ақмола (20) облыстарында тіркелген.

«Мысалы, Астана қаласында олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшыларының бірі жоғары білім туралы жалған дипломмен жұмыс істеген. Оның оқу барысында басқа спорт ұйымында нұсқаушы қызметін атқарғаны анықталды», деді Данияр Бигайдаров.

Қабылданған шаралар аясында 250 жеке тұлғамен еңбек шарты бұзылған. Ал, қалғандарын жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі.

«Мұндай тәуекелдерді жою мақсатында Агенттік Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктерге алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу бойынша тиісті ұсыныстар берді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасып жатыр», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25