Кеште 2014 жылы спорт саласын дамытуда елімізге еңбек сіңірген бір топ азамат марапатталды.
Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Әділет министрі Берік Имашев, Парламент Мәжілісінің депутаты Ольга Шишигина, халықаралық аренада еліміздің намысын қорғап жүрген танымал спортшылар мен олардың бапкерлері, спорт федерацияларының басшылары, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Онда әуелі Мәдениет және спорт министрі спортшыларды өткен жылғы табыстарымен құттықтап, алдағы уақытта өтетін жарыстарда құрмет тұғырының ең биік сатыларынан көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Осыдан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша әртүрлі номинацияларда спортты дамытуға қосқан үлесі үшін тағайындалған сыйлықтың бір топ иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сыйлықтарды иелеріне министр Арыстанбек Мұхамедиұлы, Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Владимир Смирнов, Ольга Шишигина мен бір топ спорт саласының басшылары табыс етті.
Министрлік 2014 жылдың қорытындысына сәйкес, 10 номинация бойынша үздіктерді анықтады. «Жылдың үздік спортшысы» аталымында Илья Ильин, Геннадий Головкин, Зүлфия Чиншанло, Денис Тен, Жасұлан Қыдырбаев, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Назым Қызайбай, Зарина Дияс, Айбек Нұғымаров марапатталды. «Жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымындағы сыйлық жыл спортшыларының жаттықтырушылары Т.Бектеміров, Д.Әділғазин, М.Елеусінов, В.Ни, А.Казаков, С.Қоржыкенов, Ж.Өмірзақов және Ф.Кэролға табысталды.
«Жылдың үздік спорттық федерациясы» ретінде Қазақстан бокс федерациясы, «Қайық» ескек есу спорты түрлері федерациясы, Ауыр атлетика федерациясы, Су спорты түрлері федерациясы, Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы танылды. «Жылдың үздік спорттық ұйымы» атағы Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясы, Ауыр атлетика олимпиадалық даярлау орталығы, Алматыдағы «Шаңырақ» шағын ауданындағы республикалық олимпиада резервінің мектеп интернат-колледжі мен Өскемен қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығы танылды. Солтүстік Қазақстан облысының «Раисовское» ЖШС директоры В.Коваленко, Ақтөбе облысындағы «ПОШ сауықтыру орталығы» ЖШС құрылтайшысы А.Мамырбаев, «Биік» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан обл.) директоры Б. Әбдубайтов және «ИПК «ZHERSU» ЖШС директоры (Алматы обл.) Б.Оспанов «Жылдың үздік меценаты» номинациясында топ жарды.
«Үздік спорттық аймақ» номинациясында Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының денешынықтыру және спорт басқармалары үздік деп танылды. «Үздік нұсқаушы – ауылдық жердегі спорт бойынша әдіскер» аталымындағы сыйлықты В. Васильев (Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Железнодорожное ауылы) жеңіп алды. «Үздік аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жылдың үздік жаттықтырушысы» – С.Бейсебаев, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылының еркін күрес бойынша жаттықтырушысы. Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайының директоры Н.Нұров «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» атанды.
Бұдан басқа, бірқатар номинация бойынша ынталандыру сыйлықтары белгіленген. Атап айтқанда, «Үздік спорттық құрылыс» (сыйлық иегері – «Дәулет» спорткомбинаты), «Жылдың үздік командасы» (допты хоккей құрамасы), сондай-ақ, өзге де бірқатар спортшы, жаттықтырушы және ұйымның еңбегі еленіп, ынталандыру сыйлығы табыс етілді.
Салтанатты шараның барысында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы республикалық сыйлықтың 2014 жылғы лауреаттары марапатталды. Бұл сыйлыққа 10 жылдан астам «Казахстанская правда» газетінде еңбек етіп, спорт тақырыбына қалам тартып жүрген әріптесіміз Асқар Бейсенбаев, жас та болса деректі фильмдер түсірумен айналысып, көзге көрініп жүрген «Алматы» телеарнасының тілшісі Рауан Оқасов және Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің журналисі Фархад Әміренов ие болды. Олардан басқа министрліктің спорт комитеті бірқатар спорт журналистерінің еңбегін елеп, ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше