ОРАЛ. 5 ақпан. Жайық ауылының тұрғыны жоғалған сиырын он айдан кейін тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен жылдың сәуір айында Марзия Ержанованың сиыры жайылыстан келмей қалды. Отанасының іздемеген жері қалмады. Аулада қалған екі айлақ бұзауының мөңіреген даусын естіген сайын бәйек таппай кететін. Күндер өте берді. Жақын маңдағы ауылдар мен қыстақтардан іздеу салғанымен ешқандай нәтиже шықпады. Сөйтіп ол жоғалып кеткен малынан күдерін әбден үзген болатын.
Әйтсе де он айдан соң ойламаған жерден қырық киллометр жердегі Самал ауылынан сүйінші хабар жетті. Малдың малға қосылып жүре беретіні белгілі жәйт қой. Сол ауылдың тұрғыны Мұхит Сағынгереевтің су арнасы бағытындағы жайылыстағы малына да бөтен сиырлардың араласып кетіп жүргені белгілі болды. Бірсыпыра уақыт өткен соң соларды иелері айдап әкетіп жатады. Өзінің жеке малының арасында бір бөтен сиырдың ұзақ жүргенін байқап, ешкімнен іздеген хабар келмеген соң ол оның түр түсін және құлағындағы сырғасының нөмірін ауыл әкімідігіне хабарлайды.
Сол-ақ екен он ай қыдырымпаздыққа салынған сиырдың иесі белгілі болады. Үй шаруасындағы әйел ойда жоқта сүйінші хабар жеткенде оған сенер сенбесін білмей дағдарып қалып еді. Ол Мұхит Сағынгерейұлы мен оның зайыбы Роза Аманбайқызына шексіз алғысын білдіреді. Осы жерде Сағынгереевтердің адалдығына сүйсінумен бірге, түлікті сырғалаудың және мұны ауыл шаруашылығы малдарының электронды базасына енгізілуінің де пайдасы болғанын айта кету керек. Сөйтіп Марзия Ержанованың қуаынышы қуанышұа ұласты. Он ай саяхаттап қайтканының есесіне ақ-адал малы бір аптадан соң бұзаулады.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: livejournal.com.
• 05 Ақпан, 2015
Оралда малдарды электронды базаға енгізгеннің пайдасы тиді

Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше