Қостанай облысы Арқалық қаласының Мирное ауылынан 15 шақырым жерде 1974 жылы туған ер адам тракторға қарай жаяу шығып, адасып, діттеген жерге жетпеген.
- Құтқарушылар жедел түрде өтімділігі жоғары техникамен іздеуге шығып. Жоғалған ер адамды шаруа қожалықтарының бірінің жанынан 150 метр қашықтықтағы ашық аумақта тапты, - делінген хабарламада.
Құтқарушылар қажетті көмек көрсетіп, медициналық тексеру үшін Арқалық қаласына жеткізгені айтылды.