Марапат • 07 Наурыз, 2025

Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды», делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы әуежайында Мұса Әбдірайым әйелді пышақпен қорқытқан күдіктіні ұстауға септесіп, батырлық танытқан еді.