Туризм • 02 Ақпан, 2025

Қазақстандағы ең үздік туристік ауылдар анықталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы 2025 жылы үздік туристік ауылдар анықталды. Бұл ауылдар енді халықаралық конкурста таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы ең үздік туристік ауылдар анықталды

Kazakh Tourism-нің мәліметінше, таңдалған бұл ауылдар елімізді БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының жыл сайынғы халықаралық конкурсында — UN Tourism Best Tourism Village байқауында таныстырады.

Үздік ауылдарды анықтау кезінде мәдениет пен табиғатқа, сондай-ақ ауылдардағы дәстүрлі іс-шаралардың қаншалықты жақсы сақталғанына назар аударылған. Одан бөлек, жаңа маршруттар мен туризмге қызығушылық танытатын саяхатшылардың көптігі де есептелді.

Сонымен Қазақстандағы туристер үшін ең үздік ауылдар:

  • Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы);
  • Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сарыдария ауданы);
  • Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы);
  • Көлденең (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы);
  • Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы).