
Фото: Kai Forsterling
Халық наразылығының басты себебі – қараша айының басында болған су тасқыны кезінде үкіметтің дер кезінде көмек көрсетпегенді.
Зардап шеккендерге бірінші болып еріктілер көмек көрсеткен. Аймақтық шенеуніктер полиция мен әскери қызметкерлерді бірнеше күн өткен соң, федералды үкімет бұйырған кезде ғана жұмылдырды.
Сондай-ақ тұрғындар үкіметтің қалпына келтіру жұмыстарын баяу жүргізіп жатқанын айтты. Мазон өз кезегінде апат кезінде жергілікті әкімшілік орталық органдардан жеткілікті ақпарат алмағанын алға тартып отыр.
Айта кетейік, қарғын су 224 адамның өмірін қиды. Мыңдаған адам баспанасынан айырылды.