Оқиға • 03 Ақпан, 2025

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті шетелде кісі өлтірген

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалған қаржы пирамидасын құрған алаяқ Қырғызстаннан экстрадицияланды, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті шетелде кісі өлтірген

Фото: Бас прокуратура

Елімізде қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті шетелде кісі өлтіргені үшін сотталған.

Қазақстанда «QI-Trade» қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті 4,7 мыңнан астам салымшының 15 миллиард теңгесін заңсыз иемденгені үшін айыпталып отыр. Оның сыбайластары сот шешімімен түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Ұйымдастырушылардың бірі болған күдікті ұзақ уақыт бой тасалап жүрген. Халықаралық іздеуде жүрген оның көрші елде кісі өлтіргені үшін сотталғаны белгілі болды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, күдікті Қазақстанның сұрауы бойынша уақытша елге жеткізілген. Ол қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаннан кейін Қырғыз Республикасына қайтарылады. Көрші мемлекетте жазасын өтеген соң, күдікті Қазақстанда жасаған қылмысы үшін де сотталады.

Аталған қылмыстар бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.