
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Hyundai Santa Fe көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
«Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жол жағдайын ескеруге және көліктердің техникалық жағдайын қадағалауға шақырады.