
Бейнежазбадан әйел мен ер адамның қоқыс контейнеріне бара жатқанын көруге болады. Ер адам бөлшектелген мәйітті кілемге орап, иығына салып, көтеріп бара жатқанын көруге болады.
Айта кетейік, кісі өлтіру оқиғасы 30 қаңтарда Байқоңыр көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Ер адамның бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылды.
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 1977 жылы туған әйелді ұстады. Ол өз пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішкен соң жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтіріп, кейін оның денесін бөлшектеп тастаған.
Қылмысын жасыру үшін ол сыбайласымен бірге мүрдені қоқыс контейнеріне апарып тастаған.