Аймақтар • 04 Ақпан, 2025

Қазақстанның оңтүстігінде ірі жол апатынан алты адам қаза тапты

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты. Полиция екі көліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның оңтүстігінде ірі жол апатынан алты адам қаза тапты

3 ақпанда Түркістан облысының Кентау-Түркістан тасжолының 5-шақырымында Ауди маркалы екі бірдей көліктің қатысуымен жол апаты орын алып, соңынан өрт шықты.

- Алдын ала мәліметтер бойынша жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, екіншісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды, - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.

Түркістан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше