Үкімет • 04 Ақпан, 2025

Автожолдарда бірыңғай цифрлық платформа өзірленеді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту үшін негіз болатын «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автожолдарда бірыңғай цифрлық платформа өзірленеді

Фото: primeminister.kz

Платформа қолданыстағы цифрлық жүйелерді біріктіреді және барлық автомобиль жолдарын, яғни, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жолдар туралы ақпаратты жинау және есепке алу үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Платформаның негізгі қызметінің бірі жол саласын дамытуда ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жол активтерін сенімді бақылау және тиімді басқару. Сонымен қатар «E-Joldar» автожол пайдаланушылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жол активтерін басқаруға жауапты мамандар арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасайды.

Министрдің айтуынша, платформаны енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, бұл жол қызметтерінің сапасын едәуір арттыруға және инфрақұрылыммен байланысты мәселелерді шешуді жеделдетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше