Қылмыс • 04 Ақпан, 2025

Өгей баласын анасының көзінше ұрып өлтірген

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жантүршігерлік қылмыс Ресейдің Калининград облысында орын алған. Өгей әкесі баланы сабап өлтіріп, артынша оны жоғалды деп хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

 

Өгей баласын анасының көзінше ұрып өлтірген

Фото: ашық дереккөз

2 ақпан күні 7 жастағы Данилдің анасы, полицияға ұлының жоғалғаны туралы ақпарат берген. Айтуынша, ата-анасы балаға қатты ұрсып, тәртібінің нашарлығы себепті балалар үйіне өткізіп жібереміз деп қорқытқан. Сөйтіп бала көшеге шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен.

Бір тәулік бойы полицейлер, еріктілер және Данилдің ата-анасы да баланы іздеген.

Алайда тергеу кезінде анасы шындықты жасырып қала алмады. Өгей әкесінің баланы көзінше ұрып өлтіргенін полицейлерге жайып салған. Зерттеу нәтижесінде, ата-ананың бұрындары да балаға қол көтергендігі анықталды. Бірақ бұл жолы оқиға өліммен аяқталған.

Ер азамат тұтқынға алынды. Жасаған қылмысын толық мойындады.

Ата-анасы баланың денесін кірпіш толтырылған қапшыққа салып, үйінің жанындағы су қоймасына лақтырып жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Бүгін, 10:20

Сыйлыққа да талғам керек

Таным • Бүгін, 10:15

Кран тізгіндеген Рәзия

Әйел әлемі • Бүгін, 10:10

Бала деп байыз таппаған...

Қоғам • Бүгін, 10:05

«Альфа» да анадан туады

Пікір • Бүгін, 09:50