Оқиға • 04 Ақпан, 2025

Қонаевта мектеп оқушысы антисептик ішіп қойған

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 қаңтар күні тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болып антисептик ішкен. Баланың мұндай қадамға бару себебі - сыныптастарынан көрген зомбылық болуы мүмкін. Алайда, жасөспірімнің анасы бұл болжамды жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қонаевта мектеп оқушысы антисептик ішіп қойған

Фото: Instagram/gulmir_ktk

Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сәйкес, 9-сынып оқушысын сыныптастары Қонаевтағы көпірдің астында ұрып-соққан, соңынан ол жансақтау бөліміне түскен.

Анықталғандай, бала ауруханаға түсті, бірақ басқа себеппен. 

«31 қаңтарда кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда, оны қалаға кіре берістегі көпірдің астында ешкім ұрған жоқ», деді әйел өзінің видео үндеуінде.

Қонаев қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бала антисептикалық уланумен ауруханаға түскен. Оның жағдайы тұрақтанды. Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Мектеп әкімшілігінің айтуынша, өз-өзіне қол жұмсамақ болған оқушы оқу озаты және достарының құрметіне ие», деп қосты қала әкімшілігі.

Айта кетейік, тексеріс барысында Қонаевтағы көпір астында бірде-бір топтық төбелес тіркелмегені анықталды. 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Бүгін, 11:17

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • Кеше