Кино • 04 Ақпан, 2025

Өңірлерде қазақ киносының күндері басталды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған іс-шара аясында көрермендер Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлерде қазақ киносының күндері басталды

Кино көрсетілімдері Қарағанды қаласынан бастау алды. Алдағы уақытта басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды.

Бастаманың мақсаты – қазақстандық кинематографты насихаттау және кең аудиторияға отандық режиссерлердің туындыларын тамашалау мүмкіндігін ұсыну. Әсіресе, ауыл тұрғындарының қатысуына ерекше назар аударылды. Осылайша, оларға қазіргі қазақ киносының үздік шығармаларын көруге мүмкіндік берілді.

Бағдарламада еліміздің мәдени ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін арқау еткен әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов» және басқа да картиналар бар.

Әр фильмнің өзіндік терең мағынасы бар және түрлі жастағы көрермендерге арналған. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер үшін «Тайқазан» анимациялық фильмі көрсетіледі.

 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше