Парламент • 04 Ақпан, 2025

Мәжілісте Азаматтық қорғау туралы заң жобасы қаралады

65 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түзетулер азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға және адам көп жиналатын объектілерді  қабылдау кезіндегі өрт қауіпсіздігін бақылауды жаңартуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Мәжілісте Азаматтық қорғау туралы заң жобасы қаралады

Фото: gov.kz

Салаға қатысты заң жобасы Мәжілістің ертеңгі жалпы отырысында талқыланады. Заң жобасындағы басты жаңалық  - құтқарушыларды баспанамен қамту болып отыр. Өйткені жауапкершілігі жоғары сала мамандарын әлеуметтік қолдау осы күнге дейін кемшін қалып келген.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдиннің айтуынша соңғы үш жылда елде 4406 адам жұмыс орнында жарақат алса, былтыр 131 адам қаза тапқан. Бұл өте қауіпті жұмыс орнында тексерістер жүзеге асып тұруы керектігін көрсетеді.

«Президентіміз елімізге әскериленген тау-кен құтқарушыларының қажет екенін айтты. Бұрынғы уақытта бұл үлкен өндіріс орындарында міндетті болған. Кешегі Қарағандыда көмір шахтасында болған үлкен апаттарда сол әскериленген құтқарушылардың қажеттілігі туындады», деді депутат. 

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздікке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне үйлестіруші орган мәртебесін беру мәселесі де қаралады. Бұған қоса саланың қызметтік құзыретін біршама кеңейту қарастырылады. Жұмыс тобы өкілдерінің мәлімдеуінше, азаматтық қорғаныс заңына кейінгі 10 жылда түзету енгізілмеген.

Мәжіліс отырысында сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау жобасы да күн тәртібіне енгізілген. 

«Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдайды. Олар: топырақты қорғау және жасанды интеллект туралы заң жобалары мен оларға ілеспе түзетулер, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасы және Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау жобасы», делінген Мәжіліс хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше