
Фото: Үкімет
Білім беру ошағы 80 орынға лайықталып бой түзейді. Мектеп салынатын аймақ қаладағы «Теміржол» ықшам ауданы болып бекітілген. Себебі бүгінде осы шағын аудан оқушылары қаланың басқа бөлігіндегі мектепке қатынап жүр. Оларды екі ауысымда арнайы автобус тасымалдайды.
«Дегенмен де оқушылардың қалаға келіп, кетуі қиын. Сондықтан да халықтың сұрауы бойынша, ата-ана, балалардың өтінші бойынша осы «Теміржол» ықшам ауданында жаңа мектеп салынады. Алдағы уақытта, жаңа мектеп салынса, ескі мектеп ғимаратынан балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Балабақша ашылса үйде отырған қаншама жас ата-ана жұмыспен қамтылар еді», дейді Қаражал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Тілеш Аштаев.
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік нысандар салу ісін жалғастырады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы жиыны 56,6 млрд теңге бөлінген.